«Өмірімде бір-ақ рет кездестім»: Путин Дуровқа қатысты пікір білдірді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Путин Дуров Мәскеуде тұрады деп ойлаған.
Ресей президенті Дуров Мәскеуде тұрады деп ойлаған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ресей президенті Владимир Путин Владивостоктағы Шығыс экономикалық комиссиясының пленарлық отырысында Павел Дуровқа қатысты пікір білдірді. Жиында ол Telegram негізін қалаушы Павел Дуровпен бір-ақ рет кездескенін айтты.

«Мен Дуров мырзамен бірнеше жыл бұрын бір-ақ рет кездескенмін. Ол кезде Дуровтың бизнесіне қатысты жоспары туралы сөйлестік. Мен жыл сайын бизнес өкілдерімен кездесу өткіземін», – деді Путин.

Путин Дуров қаласа Мәскеуде онымен кездесуге болатынын, ірі бизнес өкілдерімен үнемі кездесіп тұратынын атап өтті.

Сондай-ақ Ресей президенті Дуров Мәскеуде тұрады деп ойлаған. Алайда кәсіпкер Ресейден 2014 жылы көшіп кеткен.

Бұл ретте 2024 жылы Telegram негізін қалаушы Forbes нұсқасы бойынша ресейлік миллиардерлер рейтингінде 15,5 млрд доллар байлығымен сегізінші орынды иеленді.

Айта кетсек, 24 тамызда Telegram мессенджерінің иесі, миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды. Ол Ле Бурже әуежайына Әзербайжаннан жеке ұшағымен қонған сәтінде тұтқындалды.

Ал 28 тамыз күні Дуров 5 млн еуро төлеп, кепілмен бостандыққа шықты.  

Дуровтың тұтқындалғаны туралы хабар тараған соң, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан журналистер одағы француз билігін Павел Дуров пен Telegram командасынан кінарат іздемеуге шақырды

Дуровқа қолдау көрсеткендер қатарында Х желісінің иесі Илон Маск пен АҚШ журналисі Такер Карлсон бар.  

Сондай-ақ оқыңыз