АҚШ Ресейдің табысын тұсаулау үшін оның мұнайын әлемдік нарыққа шығарғандар мен тасымалдағандарға да санкция салмақ

Жарияланды
Азия наращивает импорт СПГ
Фото: CPC_kz баспасөз орталығы

АҚШ Ресейге қарсы санкция режимін тағы да күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Коммерсантъ хабарлады.

АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Далип Сингх мәлімдеуінше, бұл шектеу Ресей мұнайын әлемдік нарыққа шығаруға да, тасымалдауға да қатысты болмақ.

Далип Сингхтің айтуынша, санкциялар енді мұнай тасымалдайтын танкерлердің көлеңкелі флоты мен нарыққа шығаруға рұқсат етілетін көлемді де қамтиды.

«Алты айдан бастап үш жылға дейінгі кезеңде Ресейдің мұнай сатудан түсетін табысын қысқартқымыз келсе, оны олардың көмірсутегін қуғындау үшін санкциялық және басқа да құралдардың көмегімен жасаймыз», – дейді Сингх.

Еуроодақ маусым айында Ресейге қарсы санкциялардың 14-ші пакетін қабылдады. Онда Еуропаға жөнелтілетін сұйытылған табиғи газды ауыстырып тиеу және Ресейден мұнай тасымалдауға да қатысты шектеу бар.

Десе де, тамыз айында Венгрия СІМ-інің басшысы Петер Сийярто Еуропа елдерін санкцияларды айналып өтіп, Үндістан арқылы ресейлік мұнайды құпия сатып алып жатқанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз