«Гарри Поттер» фильмдер топтамасында профессор бейнесін сомдаған британдық киножұлдыз Мэгги Смит қайтыс болды

Жарияланды 27 Қыркүйек 2024 22:23

(жаңартылды 30 Қыркүйек 2024 10:56)
post.authors.0.name

Нұртай Текебаев

Тілші
Киножұлдыз Мэгги Смит дүниеден озды/ Фото: «Кинопоиск»

27 қыркүйек күні танымал әртіс Мэгги Смит 89 жасында қайтыс болды. Мэгги – британ киноматографиясында аты аңызға айналған адам.

М. Смит 1934 жылы 28 желтоқсанда Англияның Илфорд қаласында дүниеге келген. Театрдағы актерлік мансабын 1950 жылдары бастады. Мэгги өзінің таланты мен харизмасы арқасында тез танылды.

Ол «Гарри Поттер» фильмдер желісінде профессор Минерва МакГонагал мен «Даунтон Эбби» сериалында графиня Виолет Кроули образын сомдады.

Актриса еңбек жолында зор жетістікке ие болып, атақ-даңққа бөленді. 1970 жылы «Мисс Жан Бродидің дәуірі» фильмі және 1979 жылы «Калифорниялық сюит» туындысы үшін екі «Оскар» сыйлығын, одан бөлек сегіз британдық Bafta сыйлығын жеңіп алды.

Актриса ғұмырының соңғы кезінде отбасы мен жақын достарының ортасында көбірек болған.

Тамыз айында әлемге әйгілі француз әртісі, режиссер, киносценарист Ален Делон 88 жасында дүниеден озды. Өнер жұлдызы Альцгеймер ауруына шалдыққан.

Сондай-ақ оқыңыз