Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің жалақысы қанша?

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
мектеп мұғалімдерінің жалақысы
Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің жалақысы қанша? / Фото: shutterstock

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы соңғы бес жылда 100% өскен. 400 мың жуық мектеп мұғалімі болса, олардың 220 жуығы жалақысына қосымша ақша алады. Бұл туралы Kursiv.Media сауалына жауабында Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Қазір Қазақстанда 399 247 мектеп мұғалімі қызмет етеді. Оның ішінде 220 мыңнан астам ұстаз аттестаттаудан өткеннен кейін жалақысына қосымша үстемақы алатын болған. Яғни педагог-шебер 50%, педагог-зерттеуші – 40%, педагог-сарапшы – 35%, педагог-модератор – 30% алады», – делінген министрлік жауабында.

Яғни елімізде мектеп мұғалімдеріінің жалақысы бір ставкасының орташа айлық жалақысы критерийлерге байланысты: қалада – 352 мың теңге, ауылда – 435 мың теңге болуы мүмкін. Бұдан бөлек, «Үздік педагог» атағына конкурстың жеңімпаз педагогтарына, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегерлеріне – 1000 МПР (шамамен 3,5 млн теңге) мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйақы көзделген. 

Айта кетейік, 5 қазан елімізде «Ұстаздар күні» аталып өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, мұғалім құны 5 айлық есептік көрсеткіштен асатын гүлді сыйлыққа алса қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыз