Францияда президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс қабылданбады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Францияда президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс қабылданбады / Фото: Shutterstock

Франция парламентінің төменгі палатасы президент Эммануэль Макронға импичмент жариялау туралы ұсынысты қабылдамады.

LeMonde басылымының ақпаратына сүйенсек, «Жеңілмеген Франция» партиясы президент Макронға импичмент жариялау туралы бастаманы парламенттің төменгі палатасына ұсынған.

8 қазанда болған парламент отырысында комиссия мүшелерінің көпшілігі бұл бастамаға қарсы шығып, импичмент жариялаудан бас тартқан.

Комиссия мүшелері мәселені ашық отырыста қарау туралы да бастаманы қолдамаған. Осылайша импичмент туралы ұсынысты парламент жалпы отырысында қарамайтын болып шешкен.

Шілдеде Францияда парламентіне кезектен тыс сайлау болған. Сайлау қорытындылары жария болғаннан кейін Париж орталығында жаппай тәртіпсіздіктер басталған. Сайлау қорытындысы бойынша «Халық майданы» партиясы бірінші, Макронның жақтастары «Бірге» партиясы екінші, «Ұлтшылдар бірлестігі» үшінші орынмен аяқтаған. Ал президентке импичмент жариялаған «Жеңілмеген Франция» партиясы соңғы орындардың бірін алған.

Сондай-ақ оқыңыз