АIX биржасында қандай компанияның акциясына сұраныс жоғары?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
АIX биржасында
Solidcore Resources акцияларының саудасы 17 млн доллардан асқан / Коллаж: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 3-тоқсанында АIX биржасында Джерси аралынан көшкен Solidcore Resources (бұрынғы Полиметалл) компаниясының акциялары ең көп саудалаған.

9 айда Solidcore Resources акцияларымен сауда-саттық 17 млн долларды құрады. Бұл туралы KursivMedia сауалына АIX биржасының берген жауабында жазылды.

Бұл компания акциялары былтыр да жақсы саудаланған: 2023 жылдың 9 айындағы сауда 370 млн долларға тең болды.

Жалпы қазіргі кезде АIX биржасында 131 эмитенттің 229 бағалы қағазы айналымда жүр. 2023 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда, бағалы қағаздар шығарылымы 150-ден 229-ға дейін жеткен.

Жыл басынан бері биржадағы сауда-саттық көлемі айтарлықтай өсіп, 922 млн құрады. 2024 жылдың ІІІ тоқсанында сауда 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе артып, 217 млн долларға жетті.

Бұрынғы Polymetal 2023 жылы Ұлыбританияның Джерси аралынан АХҚО-ға көшкен болатын.

7 қазанда Solidcore Resources Мәскеу биржасындағы акцияларын AIX-те орналастырылған бағалы қағаздарына толық алмастырғанын хабарлады. Компания есебі бойынша, санкцияға байланысты тыйым салынған 45 440 241 акцияны кері сатып алған. Бұл – айналымдағы бүкіл бағалы қағаздың 9,59%-ы. Компанияның ең ірі акционері – омандық Maaden International Investment компаниясы (23,9%).

Сондай-ақ оқыңыз