Қазақстанда жаңа HAVAL H5 пен H9 автокөліктері сатылымға шықты

Жарияланды 15 Қазан 2024 16:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанда жаңа HAVAL H5 пен H9 автокөліктері сатылымға шықты / фото: Haval-motor.kz

«Астана Моторс» құрамындағы HAVAL ресми дистрибьюторы жаңа H5 және H9 жол талғамайтын көліктерінің жаңа буынын ұсынды. Бұл екі модель Қытай нарығын бағындырып, енді Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие.

Havаl H9 — жеті орындық, жол талғамайтын көлігі 218 ат күші бар 2 литрлік турбо-бензинді қозғалтқышпен жабдықталған.

фото: Havаl-motor.kz

Салонның дизайны мен функционалдығы жоғары деңгейде, мультимедиялық экран мен физикалық батырмалары HAVAL H9 көлігінің стилін ерекшелендіріп көрсетеді. Жүргізушіге ыңғайлы басқару жүйесі, 6 қауіпсіздік жастығы, 360° шолу камералары, панорамалық төбе, үш аймақты климаттық бақылау — барлығы қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

фото: Haval-motor.kz

Havаl H5 — қуатты және кең рамалық жол талғамайтын көлік. 200 ат күші бар 2 литрлік турбо-бензинді қозғалтқышымен және 8 жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.

Жүксалғыш көлемі 700 литр, ал арт жақтағы орындықтар бүктелген жағдайда 2116 литрге дейін көбейеді.

Қазақстандағы ресми дистрибьюторларында H5 моделінің бағасы 15 990 000 теңгеден басталса, H9 моделі 22 690 000 теңгеге бағаланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз