Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде әдеп жөніндегі уәкіл пайда болады

Жарияланды
әдеп жөніндегі уәкіл
Агенттік құрылымында әдеп жөніндегі уәкіл пайда болады / Фото: kursiv.media

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымында әдеп жөніндегі уәкіл пайда болады. Бұл жайлы агенттіктің «Ашық НҚА» порталына орналастырылған құжатында жазылған.

«Жарлық жобасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымына белгіленген штат санының лимиті шегінде әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымын енгізу бөлігінде толықтыру енгізуді көздейді», – делінген құжат түсіндірмесінде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда болуы шарт. Сонымен бірге мұндай лауазым облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында да енгізіледі. Алайда құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде мұндай қызмет қарастырылмаған.

Солайша агенттіктің құрылымы мынадай болмақ:

  • Басшылық
  • Төраға хатшылығы
  • Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті
  •  Әлеуметтік сала департаменті
  •  Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
  •  Институционалдық даму департаменті
  •  Коммуникация қызметі
  •  Макроэкономикалық саясат департаменті
  •  Персоналды дамыту және басқару қызметі
  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті
  •  Ішкі аудит қызметі
  • Экономика салалары департаменті
  • Әдеп жөніндегі уәкіл
Сондай-ақ оқыңыз