«ҚазТрансОйл» құбыр жүйесі арқылы шетелге жөнелтілген мұнай көлемі артқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ҚазТрансОйл

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «ҚазТрансОйл» компаниясы мұнай тасымалдау көлемін 4%-ға арттырды. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТО мұнай құбырлары жүйесімен шетелге жөнелтілген шикізат көлемі өскен.

9 айда компанияның магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 33,66 млн тонна мұнай тасымалданған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,24 млн тоннаға немесе 4%-ға артық.

Компания мәліметі бойынша, елдегі мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген шикізат көлемі өткен жылғы деңгейде сақталып, 13,93 млн тоннаны құраған:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытына – 4,4 млн тонна;
  • «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» – 4,13 млн тонна;
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-на – 3,94 млн тонна;
  • CASPI BITUM-ге – 621 мың тонн мұнай жеткізілген.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ құбыр жүйесі арқылы 3,3 млн тонна мұнай жөнелтілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 57%-ға көп. Былтыр КҚК-Қ жүйесі арқылы 2,12 млн тонна мұнай тасымалданған.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 2 млн 556 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 71 мың тоннаға артық», – делінген хабарламада.

«Қазақстан-Қытай құбыры» арқылы 13,8 млн тонна мұнай жіберілген. Алайда бұл 2023 жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға кем.

Сондай-ақ оқыңыз