Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна дәнді және майлы дақыл қабылдауға дайын – АШМ
Қазақстан тарапымен Қытай компаниясы 100 мың тонна бидай қабылдауға келісті. Астана Бейжіңмен экспорт саласында ынтымақтастық артқысы келетінін ұдайы мәлімдеп келеді. Ресей Қазақстаннан бидай импорттаудан бас тартып отыр. Бұл жағдайда елдің Қытай нарығына ұмтылуы маңызды.
«Биыл 26 млн тоннаға жуық сапалы астық бастырылды. 3 млн тонна майлы дақыл жинауды жоспарлап отырмыз», – деді Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров Қытай делегациясымен өткен іскерлік кездесуде.
18 қазан күні China Grain Reserves Group Ltd қытай мемлекеттік кәсіпорны, Company, CITIC Construction, Қытай ауыл шаруашылығы халықаралық алмасулар қауымдастығының өкілдері Қазақстанға келді.
Сапаров астық экспортын ұлғайтуға мүдделі екендерін баяндады. Қазақстан 4 миллион тоннаға дейін Қытайға дәнді және майлы дақыл жеткізуге қауқарлы. Тоқаев 2 млн тонна бидай жеткізуге тапсырма берген еді. Бірақ Қытай 7 тамызда бидай импортын шектеді. Ауыл шаруашылығы одан кейін министрлігі келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы жолы Бейжің нарықты ашуға мүдделі болған сыңайлы.
«Тараптар алғашқы 100 мың тонна дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың бірдей көлемін экспорттау туралы алдын ала уағдаласты. Партияның шоғырлануы үшін жауапкершілік корпорацияға жүктеледі», – деп жазды АШМ баспасөз қызметі.
Қытайға бірнеше мәрте астық тасымалын ұлғайта алатынын мәлімдеген Қазақстан биыл мол өнім алынатынын хабарлағанымен, бидай бағасы төмендеп кеткен.