Жаяу бұрқасын, көктайғақ: ШҚО-да автожолдар жабылды
Шығыс Қазақстан облысында автожолдар жабылды. Күн райы бұзылып, трассаларды көлікпен жүруге тыйым салынды. Бұрқасын жүріп, түтек болғасын, жолаушылар әуре-сарсаңға түсті.
«Қазавтожол» 10 қараша күні сағат 17:00-де мына учаскелер жабық болатынын хабарлады:
– Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, 1123-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
– Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, 1194-1212 шақырым, (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
– Өскемен – Риддер – РФ шекарасы автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Егер ауа райы жақсарса, автожолдар 11 қарашада, сағат 06:00-де ашылады.
9-10 қараша күндері Ақмола облысында бұрқасын салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. Полиция қызметкерлері жедел шара қабылдап, жолда тұрып қалған 600-ден астам автокөлікті Астана – Петропавл, Астана – Ерейментау – Шідерті бағытында ертіп жүрген.