Дональд Трамп «құбылмалы штаттарда» дауыс жинаудан жеңіске жетті

Жарияланды
Дональд Трамп дауыс жинаудан тағы да жеңіске жетті/ фото: REUTERS

Дональд Трамп кезекті саяси науқанда басым дауыс жинады. Трамп «құбылмалы штаттардың» соңғысы – Аризонада 11 сайлаушының дауысына ие болды. Ол бұған дейін Пенсильвания, Мичиган, Висконсин, Солтүстік Каролина, Джорджия және Невада штаттарында Камала Харристі жеңді.

APNews хабарлағандай, Трамп жеті штат бойынша бас аяғы 312 дауыс жинады. Негізінен бұл жүйеде 270 дауыс жеткілікті. АҚШ-тағы Сайлау алқасы жүйесіне 538 сайлаушы қатысады.

Осылайша, кәсіпкер «құбылмалы штат» болып есептелінетін  Аризона, Джорджия, Мичиган, Невада, Солтүстік Каролина, Пенсильвания, Висконсинда қарсы кандидаттан басым түсті. АҚШ-тың 47-ші Президентінің инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз