Ақмола облысындағы Сабынды ауылының мешітінде газ жарылып, үш адам қайтыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Ақмола облысындағы Сабынды ауылының мешітінде газ жарылып, үш адам қайтыс болды / фото: kursiv.media архивінен

Ақмола облысындағы Сабынды ауылының мешітінде газ жарылып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

ТЖД мәліметінше, үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мүрделері табылды. Тағы 16 адам зардап шегіп, Астанадағы ауруханаға жеткізілді.

«Құтқарушылар 6 газ баллонын тапты. Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 5 техникасы, сондай-ақ жедел құтқару тобының, апат кезендегі медицина орталығының мамандары, психологтар мен кинологтар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметтері бойынша 6 адам реанимация бөлімінде, 7 адам жарақаттар, эндопротездеу және комбустиология бөлімінде, ал 3 бала 25-30% күйікпен №2 балалар ауруханасының қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз