Алтын, күміс, мырыш және мұнай: Қазақстанда жаңа 22 кен орны ашылды
Қазақстанда 2024 жылы жаңа 22 кен орны ашылған. Қазіргі кезде 100-ден аса кен орнында сирек метал өндіріледі. Биыл жүргізілген геологиялық барлау жұмысы нәтижесінде құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден, марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры бар кен орындары мемлекеттік есепке алынған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегі бойынша, әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленуі Қазақстандағы сирек металдар кен орындарына қызығушылықты арттырған.
minerals.gov.kz жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасында геологиялық-геофизикалық зерттеуге қатысты 56 180 электрондық есеп орналастырылған. Биыл 12 пайдалы қазба, 4 мұнай кен орны мен 6 жер асты су қоры ашылған.
Оның ішінде Дүйсембай Орталық, Шығыс Тастау, Жағалау, Оңтүстік, Жеңішке, Байғора, Қостөбе, Қазан-Шұқыр, Оңтүстік Қарауыл-Төбе, Удар, Қызылтас-Күршім және Сарыбұлақ кен орындарынан сирек метал қоры табылған.
Сонымен қатар Қаратұрын Западный, Қошқар, Солтүстік Шыңжыр, Аққұловское Южное мұнай кен орындары алғаш рет мемлекеттік тіркеуге алынды. Одан бөлек, Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай, Палеозой және Королевское сияқты жер асты су қоры ашылған.
Бұған дейін Энергетика министрі елдегі кен орындарындағы мұнай қоры сарқылып бара жатқанын мәлімдеген.