Швейцария прокурорлары Lombard Odier банкін Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Каримовамен сыбайлас болды деп айыптап отыр
Жарияланды
(жаңартылды )
Швейцария прокурорлары ауқатты клиенттерге қызмет көрсетуге маманданған Lombard Odier банкін ақшаны жылыстатты деп айыптады.
Банк ұзақ жылдар бойы Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмектесуге ерекше атсалысқан.
Прокурорлар 2023 жылдың қыркүйегінде күдікті ретінде іс қозғалған Каримованы «Кеңсе» деп аталатын швейцариялық ұйым арқылы ірі көлемде ақша жымқырған деп санайды. Каримованың өзі тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Lombard Odier компаниясының бұрынғы қызметкері де күдікті деп танылды. Прокуратура бұл істі 2016 жылдан бері тергеп келе жатыр. Іс материалдарында менеджер Каримованың 2005-2012 жылдар аралығында ақшаны жылыстату схемасында «шешуші рөл атқарды» делінген.