Жеке сот орындаушылардың табысы азаяды

Жарияланды
Әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың қызметіне ақы төлеу мөлшеріне өзгеріс енгізді / Фото: kursiv.media; бильд-рекдактор: Ахтам Зиперов

Сот орындаушылардың табысы азаяды. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасына сәйкес, мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін өндіріп алу сомасына байланысты жекелеген атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеу мөлшерлемесін төмендету ұсынылады.

«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) түзетулер жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу кезінде халыққа қаржылық жүктемені азайту мақсатында әзірленді»,- делінген құжат түсіндірмесінде.

Бұл құжат бойынша, жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу мөлшері мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомада бекітілген:

  • 10 АЕК-ке дейін-өндіріп алу сомасының 25%-ы мөлшерінде;
  • 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін-өндіріп алу сомасының 22%-ы мөлшерінде;
  • 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін-өндіріп алу сомасының 20%-ы мөлшерінде;
  • 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 15%-ы мөлшерінде;

Ал қолданыстағы құжатқа сәйкес, мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттардың өндіріп алу сомасы 60 АЕК-ке дейін болса, 25% мөлшерінде, 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін – 20%, 300-1000 АЕК-ке аралығында 15%, 1 000-5 000 АЕК-ке дейін болса – 10%, 5 000 – 10 000 АЕК-ке дейін болса – 8%, 10 000-20 000 АЕК-ке дейін 5%, 20 000 АЕК-тен жоғары 3% мөлшерінде бектіліген.

Сонымен бірге мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушылардың қызметі үшін ақы 1 АЕК пен 100 АЕК аралығында бекітілген. Бұл нормалар өзгермеген.

Сондай-ақ оқыңыз