2025 жылы доллар бағамы 486 теңгеге дейін төмендейді – Еуразиялық даму банкі

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 5,5%-ға өседі, ал доллардың орташаға бағамы 486 теңге көлемінде болады. Еуразиялық даму банкі (ЕАBR) келесі жылға қатысты осындай оптимистік болжам жасады.

Банк сарапшыларының түсіндіруінше, мұндай болжам жасауға 2029 жылға дейін 150 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартуды жоспарлаған жаңа инвестициялық циклдің іске қосылуы себеп болып отыр. Ол экономикадағы өңдеуші өнеркәсіптің дамуына  түрткі болмақ. Бидайды шетелге қайта тасымалдай бастау да экономикаға қосымша көмек.

Жылдың екінші жартысында Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісі мен экспорты да артады деген жоспар бар. Бұның өзі ЖІӨ өсіміне 0,4-0,6 пункт қосып береді. 2025 жылы базалық мөлшерлеменің төмендеуі де экономика үшін жаңа импульс болады. «Жалпы 2026-2027 жылдары Қазақстан экономикасы тұрақты 5,5% көрсетеді»,– дейді EABR.

Банк мамандарының болжамынша, 2025 жылдың басындағы қатаң ақша-несие саясатынан кейін, инфляция деңгейі тұрақталып, баға өскені баяулайды. Нақты айтқанда жыл соңына қарай инфляция көлемі 7,3%-ға түседі. Ал тұрғын үй-коммуналдық секторындағы қызмет бағасы 10-15%-ға көтеріледі.

«Дегенмен инфляциялық тәуекелдер әлі де өзектілігін сақтағандықтан, ҚР ҰБ 2025 жылдың сәуіріне дейін базалық мөлшерлемені 15%-дан жоғары сақтайды деп күтеміз. Инфляцияның тұрақты баялауы ақша-несие саясатының жұмсаруына да алғышарт болмақ. Тек 2025 жылдың соңында базалық мөлшерлеме 11,25% деңгейінде қалады деп болжаймыз. Ортамерзімді перспективада инфляция деңгейінің 5%-ға жақындауы 2027 жылдың соңында базалық мөлшерлеменің 8%-ға дейін төмендеуіне әсер етеді», – деп жазылған банк талдауында.

Ең қызығы, 2025 жылы ұлттық валюта курсы бір доллар үшін 486 деңгейінде сақталады деген болжам бар. Сондай-ақ 2025 жылы Ұлттық қордан бөлінген трансферт көлемі 5,25 трлн теңге көлемінде қалады, бұл ішкі нарықтағы шетелдік валютаға қосымша ұсыныс түсіреді.   Екінші жағынан импорттың көбеюі және сыртқы қарызды өтеу үшін жүргізілетін төлемдер теңгенің әлсіреуіне әсер етпек.

Сондай-ақ оқыңыз