Қытай Қазақстандағы АЭС-ке ядролық технологиялар жеткізуі мүмкін – Энергетика министрлігі

Жарияланды
Өзбекстанда
Қазақстанда АЭС салуға Қытай тарапы көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді / Фото: kursiv.media

Қазақстанда АЭС салуға Қытай тарапы көмек көрсетуге дайын, сонымен бірге АЭС салуға үміткер елдер арасында қысқа тізімге енген қытайлық компания елге ядролық технологиялар жеткізуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қытайға жұмыс сапарымен барған. Министр Бейжіңде мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездескен. Екі тарап өкілдері атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылаған.

«Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Жұмыс сапары барысында А.Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі – Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізген. Бұдан бөлек, құрылысы жүріп жатқан НПР-1000 реакторы бар Чжанчжоу атом электр станциясын, «Shanghai Electric» атомдық энергия корпорациясының өндірістік базаларын, уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралаған.

Еске сала кетсек, мұның алдында министр Алмасадам Сәтқалиев Францияға жұмыс сапарымен барып, ядролық саладағы жетекші компаниялардың басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізген болатын. Келіссөз барысында Франция тарапы Қазақстанда АЭС салуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Путин «Росатом» компаниясының Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз