Қарлы боран, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Aлдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады? / фото: shutterstock

17-20 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамы жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс өңірлерінде қарлы боран болады. Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.

Елдің қалған аумағында антициклонның ықпалы байқалады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста боран мен тұман, батыс пен солтүстік-батыста көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында қатты аяз болуы мүмкін– температура -25-28°С-қа дейін төмендейді.

Астана қаласында: ауa райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнгі ауа температурасы -13-15°С, күндіз -8-10°С.

Алматы қаласында: ауa райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 2-7 м/с. Түнгі ауа температурасы -16-18°С, күндіз -5-7°С.

Шымкент қаласында: ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 8-13 м/с. Түнгі ауа температурасы -15-17°С, күндіз 0-2°С.

Сондай-ақ оқыңыз