Саломе Зурабишвили Грузия президенті қызметінен кетуден бас тартты 

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Саломе Зурабишвили Грузия президенті қызметінен кетуден бас тартты 
Саломе Зурабишвили Грузия президенті қызметінен кетуден бас тартты / Фото: Грузия президентінің әкімшілігі

Саломе Зурабишвили 29 желтоқсанға дейін Грузия президенті қызметінен кету туралы парламент талабына бағынудан бас тартты. Бұл туралы ол грузиндік Temps арнасына берген сұхбатында айтты.

Ол 29 желтоқсанда президенттік мерзім аяқталғаннан кейін мандатын тапсырудан бас тартты. Бұған қоса, Еуропалық одақ елдерін Грузия оппозициясы ұйымдастырып жатқан наразылықтарды қолдауға шақырды. Зурабишвили «Грузин арманы» партиясымен байланыстың бәрін үзгенін атап өтті.

14 желтоқсанда Грузияда алғаш рет жаңа жүйе бойынша президенттік сайлау өтті. Мемлекет басшысын ел азаматтары емес, 300 өкілден тұратын сайлау алқасы таңдады. Сайлаушылар қатарына парламент, автономиялық республикалар және жергілікті кеңесші органдардың депутаттары кірген.

Сайлауға жалғыз кандидат болып, «Грузин арманы» партиясынан Михаил Кавелашвили түсіп, жеңіске жетті.

Алайда Зурабишвили дауыс беру процесін «ешкім таңдау жасамады» деп сынға алып, сайлауды заңсыз деп атады. Ол, сондай-ақ, нәтижелерін мойындаудан бас тартқан азаматтар мен ұйымдарға, оппозициялық партияларға алғыс айтты.

Қараша айының соңында басталған Грузиядағы наразылық акциялары әлі де жалғасуда. Жаппай наразылық акцияларымен, полициямен қақтығыс ел премьер-министрі Ираклий Кобахидзе елдің ЕуроОдаққа мүше болуы процесін 2028 жылға дейін тоқтатқаннан кейін басталды. 

Сондай-ақ оқыңыз