Әуе шабуылына байланысты Мәскеу әуежайлары жабылды
Ресей астанасы Мәскеу әуежайларында «Ковер» жоспары енгізілген. Внуково, Домодедово, Жуковский, Шереметьево және Калуга әуежайы жабылды.
Мash-тың жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша, бұған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуылы қаупі түрткі болуы мүмкін. Ұшатын және қонатын рейстер кешеуілдеді. Мәскеу уақытымен сағат 15:45-тен бастап ұшақтарды қабылдау тоқтатылған. Домодедово, Шереметьево и Внуково әуежайларында рейстер кешеуілдеп отыр.
Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев украиналық дрондардың шабуылына қатысты рейстерді тоқтату туралы қазақстандық әуекомпаниялар дербес шешім шығаратынын айтқан еді. Оның сөзіне қарағанда, олар қауіпсіздік деңгейін анықтап, содан кейін мұндай қадамға баруға ерікті.
Мұның алдында, Euronews Қазақстанның Ақтау қаласы маңында әзербайжандық компания ұшағының құлауына ресейлік зымырандардың себеп болғаны туралы ақпарат таратты. Апат болатын күні украиналық ұшқышсыз ұшатын апппараттар Грозный қаласын шабуылдаған көрінеді. Десе де, Қазақстан билігі бұл ақпаратты растаған жоқ. Бірақ терістемеді де.