Оңтүстік Корея парламенті президент міндетін атқарушы шенеунікке импичмент жариялады
Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёль қызметтен шеттетілгеннен кейін, оның міндетін атқарушы әрі елдің премьер-министрі Хан Док Суға да импичмент жариялады.
AFP агенттігінің хабарлауынша, 27 желтоқсанда болған парламент отырысында Хан Док Су импичмент жариялауға басқарушы партия дауыс беруге бойкот жариялауына қарамастан, 300 депутаттан 192 депутат импичментті қолдаған.
Импичменттің бастамашысы «Тобуро» жетекші оппозициялық партиясы болды. Конституцияға сәйкес, президентке импичмент жариялау үшін 300 депутаттың 200-і дауыс беруі қажет. Алайда Хан Док Су ресми президент емес президент міндетін атқарушы премьер-министр болғандықтан 150 дауыста жеткілікті болған.
Оңтүстік Корея Заңы бойынша президенттікке келесі үміткер елдің қаржы министрі Чой Сан Хок болады.
14 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламентінің 300 мүшесінің 204-і президент Юн Сок Ёльді қызметін шеттетуге дауыс берген. Себебі президент қызметін пайдаланып, әскери режим жариялаған.
Қазір Юн Сок Ёлдің үстінен елдің бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, оны тергеуге шақырған. Президент прокурорлардың тергеуге шақыртуын қабыл алудан бас тартқан.