Оңтүстік Кореяда апат болған ұшақтың қара жәшігі ашылды
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдің Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының қара жәшігінен деректер алынды. Бұл туралы The Hankyoreh басылымы жазады.
Басылымның жазуынша, апат болған ұшақтың ұшқыштар кабинасында орнатылған қара жәшік табылып, одан деректер алына бастаған.
Ұшақта екі дыбыс жазғыш құрылғы орнатылған. Екінші шифрды ашу жолдары әлі де қарастырылып жатыр. Қара жәшіктегі зақымдарға байланысты деректерді оқу біраз уақытқа созылуы мүмкін.
«Оңтүстік Корея Көлік министрлігінің Азаматтық авиация департаменті тергеушілерге оқиғаны әрі қарай талдауға көмектесетін деректерді ретке келтіріп, дыбыстық хабарламаларды оқу басталғанын хабарлады», – деп жазды басылым.
Сарапшылардың пікірінше, қара жәшік деректері тергеу үшін өте маңызды. Ұшқыштардың әңгімелерін тыңдау арқылы ұшақтың құстармен соқтығысуы немесе шассидің зақымдануы туралы ақпаратты нақтылауға болады.
Айта кетейік, 29 желтоқсанда Муан әуежайында Бангкок-Сеулге ұшып келген Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып, қоршаумен соқтығысып, жарылыс болды. Борттағы 179 жолаушы қайтыс болып, 2 бортсерік аман қалған.