Тоқаев ШЫҰ-ның бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Кездесу барасында ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады», – делінген хабарламада.
Президент ШЫҰ-ның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыруды тапсырған. Сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізген.
Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен.