Көпшілікті инвестиция арқылы табыс табуға шақырған компания алаяқ болуы мүмкін бе?
Көпшілікке инвестиция табуды жарнамалап жүрген Bivexo Group-тің қызметіне жүгінгенде абай болу керек. «Астана» қаржы орталығы осылай деп ескертеді.
Bivexo Group Astana Limited 2024 жылы 22 қазанда «Астана» қаржы орталығында тіркелген. Компания батарея және аккумулятор өндірісімен айналысады.
Бірақ ол фирма «Астана» ХҚО-дағы Қаржы нарығын реттеу комитетінен (AFSA) лицензия алмаған.
« AFSA барынша сақ болуға және тіркелген, лицензия алған заңды тұлғалар тізімімен танысып алуға шақырады. Бұл – қаржы қызметі не қаржы өнімін пайдаланбас бұрын жасау керек ең маңызды қадам», – деп жазылған ұйым хабарламасында.
Bivexo Group Limited – өзін bivexo.com веб-сайты ретінде тіркелген гонконгтың ұйым ретінде көрсетеді. Әлеуметтік желілер арқылы инвестиция салу жайлы қызметін ұсынып, түрлі жарнамалық роликтер таратылып жүр. Инстаграмда Bivexo.Kazakhstan, ютуб платформасында Lithium Power арналары арқылы жұмыс істейді.