Тоқаев метапневмовирустан «даңғаза» жасамай, Қытаймен ынтымақтастықты дамытуды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев метапневмовирустан «даңғаза» жасамай, Қытаймен ынтымақтастықты дамыту керек деп санайды. Бұл ойын президент Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барған кезде айтқан.
Президент Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көріп, жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірген.
«Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұл вирус Қазақстанда да тіркелді. Денсаулық министрлігінің 5 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес, 30 адамнан нақтыланған.
Жалпы, бұл виурс анықталған елдер қатарында Қытай мен Қазақстаннан бөлек, Үндістан, Малайзия, Ұлыбритания сынды елдер бар. Бұл вирустың да түбі Ухань қаласынан шыққан.