Бразилиядағы CENIPA орталығы Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшік» деректерін Қазақстанға жолдады

Жарияланды (жаңартылды )
Azal ұшағындағы «қара жәшік» деректерін Бразилия мамандары Қазақстанға жолдады / Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі/Handout via REUTERS, бильд-редактор: Дастан Шанай

Бразилияның әскери әуе күштері Azal компаниясының борттағы өзі жазатын құрылғыдағы дыбысты жазып алды. Report агенттігі G1 порталына сілтеме жасай отырып, осы жөнінде ақпарат жариялады.

Ендігі бір дерек бойынша «қара жәшік» мәліметтері Қазақстанға берілген.

Бұған дейін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA)борттағы жазбаларды оқитыны белгілі болды.

Чикаго конвенциясы бойынша Қазақстан «қара жәшікті» ұшақты шығарған елге жіберген.

Айта кетейік, Баку-Грозный рейсін орындауға тиіс болған Embraer ұшағы Қазақстанға келіп құлады. 38 адам мерт болып, 28 адам тірі қалды. Әзербайжан Президенті сол күні әуе кеңістігін жаппаған Ресейді кінәлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз