Қарлы боран және тұман – 8 қаңтарға ауа райы болжамы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ауа райы бүгін
Қарлы боран және тұман – 8 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

8 қаңтарда Қазақстан аумағында қар жауып, тұман басып, кей өңірлерде қатты боран соғады. Бұған атмосферадағы өзгерістер әсер етіп отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметі жазған.

Орталық, шығыс және солтүстік аймақтарда қалың қар түсіп, жол тайғақ болады. Сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да күні бойы қар жауады. Бірқатар аудандарда жел тұрып, қарлы боран болуы мүмкін.

Республика аумағы бойынша тұман мен желдің күшеюі болжануда. Синоптиктер жүргізушілерді ұзақ сапарға шықпауға шақыруда. «Қазавтожол» ақпаратына сүйенсек, қазірдің өзінде бірқатар өңірлерде жол жабылған. Алматы-Ташкент бағытында Жетісу және Түркістан облысының аймақтарын қар басқан.

Астанада көшпелі бұлт шығып, аздаған қар жауып, қарлы боран соғады. Түнде ауа температурасы −17–19 °C, күндіз -13-15 °C.

Алматыда күн бұлтты, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −5–7 °C, күндіз 0 −2 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Жауын−шашынсыз, түнде температура –6-8 °C, күндіз -1-3 °C.

Сондай-ақ оқыңыз