Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты лауазымынан босатты

Жарияланды
Азамат Есқараев қызметін кетті / Фото: Ашық деректер; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Азамат Есқараев министрлікті 2 жыл басқарды. Бұл қызметке экс-министр 2023 жылдың 4 қаңтарында тағайындалған болатын.

Айта кетейік, министр қызметінің тұсында ұзақ жылдар бойы шешілмей келген Статилер дауы шешілді. Бірақ бұл даудың кімнің пайдасына шешілгені нақты айтылмайды. Ұлттық банк бұл мәміле шарттарының құпия екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз