Өзбекстанда қылмыс әлемінде танымал Сәлім Әбдуалиев бостандыққа шықты
Өзбекстанда «Сәлімбай» атымен белгілі қылмыс әлемінде танымал Сәлім Әбдуалиев 12 қаңтарда бостандыққа шықты. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап, KursivMedia өзбек қызметі хабарлаған.
Алты жылға сотталған кәсіпкер денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың көктемінде Ташкент қалалық соты Әбдуалиевті қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қатысты кінәлі деп таныған.
2024 жылдың жазында оның қайтыс болғаны туралы хабар тарап, кейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.
Әбдуалиев 1950 жылы Ташкентте дүниеге келген. Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті басшысының орынбасары болған. Елдегі әртүрлі спорттық шаралардың негізгі қолдаушы болып келген.
Оның бизнесіне қатысы бар азаматтар Қырғызстанда да қамауға алынған.