Аппеляциялық сот Air Astana-ға қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Компания 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндетті

Жарияланды
Air Astana
Сот Air Astana компаниясының аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Air Astana әуе компаниясының аппеляциялық шағымын Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қанағаттандырмады. Енді компания сот үкіміне сәйкес, Зеренің анасы Жазира Мусинаға 5 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндетті. Бұл туралы «Реплика адвоката» телеграм арнасы хабарлады.

«Бүгін «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне қатысты шағымы қаралды. Тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллионнан 1,5 теңгеге дейін төмендетуді сұрады. Алматы қалалық сотының алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Біз осынау айтулы істің аяқталғанына өте қуаныштымыз және біз жеңдік деп айта аламыз. Сот шешімі заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың тамызында FlyArystan әуекомпаниясы кәмелетке толмаған Зере Галиеваны рейске жібермей, әуежайда жалғыз қалдырған болатын. Компания ұшу құжаттарының дұрыстығына қарамастан, Зеренің құжаттарын рәсімдемей әуежайда жалғыз қалдырған. Компания өкілдері Зеренің уәкілетті ұстазына бұл жағдайдың техникалық ақауларға байланысты туындағанын айтып, жағдай реттелген соң, баланы ұшаққа отырғызатынына сендірген. Алайда 12 жастағы қыз сол күні Астана әуежайында жалғыз қалып қойған.

Бұдан соң Air Astana компаниясына 3,7 миллион теңге айыппұл салынды.

Ал 2024 жылдың 28 қазанында сот компанияны кәмелетке толмаған қызды әуежайда жалғыз қалдарғаны үшін жауапты деп тауып, 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз