Қазақстан ЕАЭО бойынша кедендік түсімнен алатын үлесін небәрі 1,5%-ға арттыруды көздеп отыр

Жарияланды
ЕАЭО кедендік түсім
Қазақстан ЕАЭО бойыншы кедендік түсім үлесін 8,5%-ға арттыруды көздеп отыр / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде түсетін кедендік баж түсімдерінен алатын үлесін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

«Бұл мәселе бес мемлекеттің келісімі бойынша шешіледі. Біз қазір бір методологияны қарастырып жатырмыз. Оған сәйкес, еліміздің үлесі 8,5%-ға ұлғаюы керек. Бірақ мен дәл қазір, үлесіміз нақты осы көлемге өседі деп айта алмаймын. Өйткені бұл мәселе әлі талқылануы керек. 5 елдің комиссиясымен бірлесе отырып шешеміз», – деді министр.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық Одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес, одаққа кіретін әр елдің үлесі келесідей:

  •       Ресей Федерациясы – 85,065%.
  •       Армения Республикасы – 1,220%;
  •       Беларусь Республикасы – 4,860%;
  •       Қазақстан Республикасы – 6,955%;
  •       Қырғыз Республикасы – 1,900%;

Депутат Ерлан Саиров соңғы жылдардағы геосаяси ахуалды ескере келе, Қазақстанның ЕАЭО бойынша кедендік түсімнен алатын үлесін тым аз деп санайды. Саиров бюджет тапшылығын кедендік түсімнен алатын үлесті арттыру арқылы жабуды ұсынды. Сондай-ақ депутат Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ел ретінде алатын үлесін аз деп санайды.

Өйткені соңғы жылдары геосаяси ахуалға байланысты сауда тізбегі өзгеріп, Қазақстан территориясы арқылы тасымалданатын тауарлар көлемі артқан. Осы жағдайлардан соң, депутат Қазақстанның кедендік түсімнен алатын үлесінің артуын орынды деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыз