2024 жылы Каспий Құбыр Консорциумы арқылы тасымалданған мұнай көлемі 63 млн тоннаға дейін азайған
2024 жылы Каспий Құбыр Консорциумының теңіз терминалы арқылы 63 009 481 тонна мұнай жөнелтілген. Бұл өткен жылғы көлемнен біршама аз. 2023 жылы КҚК арқылы 63 473 894 млн тонна мұнай тасымалданған.
«2024 жылы Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында 584 мұнай танкеріне 63 009 481 тонна мұнай тиелген. 2024 жылы КҚК құбыр жүйесіндегі мұнайдың ең үлкен көлемі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан жеткізілді», – делінген КҚК хабарламасында.
Атап айтқанда, Теңіз кен орнынан – 26 819 535 тонна, Қарашығанақтан – 9 816 458 тонна, Қашағаннан – 17 209 596 тонна мұнай тасымалданған. Солайша Теңіз-Новороссийск бағыты бойынша 2001 жылдан бері тасымалданған мұнай көлемі 951 086 380 тоннаға жеткен.
Каспий құбыр консорциумы 2024 жылы Теңіз-Новороссийск жүйесіне 2024 жылы нақты жеткізілген мұнайдың барлық көлемі КҚК теңіз терминалына тасымалданып, танкерлерге тиелгенін хабарлайды. Сонымен бірге консорциум тарапынан мұнай тасымалдауға кедергі болатын апаттық жағдайлардың болмағанын да хабарлады.
«2024 жылы мұнай айдаудың қалыпты немесе апатты тоқтаулары болған жоқ, ал 2024 жылы Консорциум тарапынан КҚК жөнелтушілерінің мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне және олардың алдын ала белгіленген көлемінің орындалуына теріс әсер ететін басқа факторлар болған жоқ», – деп хабарлайды компания.
Айта кетейік, хабарламада болжамды көлемнің орындалмауы Консорциумның пайдасы мен КҚК акционерлеріне төлейтін дивидендтер көлеміне айтарлықтай әсер ететіні де жазылған.