АҚШ Ресейдің бұғатталған активін жаңа есепшотқа жинауды ұсынды

Жарияланды
Ресей активтерін бір есепшотқа жинауды ұсынды / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Джо Байденнің әкімшілігі еуропалық әріптестерін бұғатталған ресейлік активті жаңа депозиттік шотқа аударуға көндіруге тырысып жатыр. Бұл туралы америкалық әкімшіліктегі дереккөздерге сілтеме жасаған CNN хабарлайды.

Бұл жерде мәселе 300 млрд доллар туралы болып отыр. Ол қаражат ресейлік Орталық Банкке тиесілі. Үш жыл бұрын Ресей Украинаға басып кіргенде, бірден бұғатталған еді. Қаражаттың көп бөлігі еуропалық банктерде сақтаулы, ал бір бөлігі АҚШ-тағы банктерде жатыр.

Жағдайдан хабары бар кейбір сарапшылар, мұндай механизм Ресейді келіссөздер үстеліне шақыруға түрткі болмақ деген пікірде. Бұғатталған қаражатты қайтару үшін тек бейбіт келісімге қол қою керек.

«Егер ақшаңызды қайтару керек болса, келіп, сөйлесуіңіз қажет», – деп түсіндіреді Байден әкімшілігіндегі шенеунік.

Алайда Еуропа елдері бұл идеяны қолпаштап отырған жоқ. Себебі оны тікелей конфискациялау және халықаралық құқықты бұзу деп есептейді.

Осыған дейін Джо Байден ресейлік қаражатты аудару туралы мәселені Украина президенті Владимир Зеленский және италиялық көшбасшылармен талқыламақшы еді. Бірақ Лос-Анжелестегі ең үлкен өртке байланысты іс-шараны кейінге қалдырды.

Сондай-ақ Байден әкімшілігі ЖИ-ге арналған чиптерді экспорттауға шектеу қойды. Ол туралы мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз