Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 11 айда 4 трлн теңгеге өскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 11 айында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 4 трлн теңгеге өсіп, 21,9 трлн теңгеге жеткен. 11 айдағы таза өсім 22,5%-ды құрады. Бұл туралы ҚНРДА-ның зейнетақы жинақтаушы жүйесінің қазіргі жағдайына шолуында жазылған.

Зейнетақы қорындағы активтерге 11 айда 2,7 трлн теңге инвестициялық табыс есептелген. 11 айдағы өсім 29,5%-ға тең. Инвестициялық портфелдің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздар мен Қазақстан эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары құрайды. БЖЗҚ активін негізінен Ұлттық банк басқарады.

Ал инвестициялық портфельді басқарушыларға зейнетақы жинағының 63,2 млрд теңгесі басқаруға берілген.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» ел бойынша 12,3 млн адам зейнетақы жарнасын аударады. Оның басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарын аударатындар: 11 129 442. Ерікті зейнетақы жарнасын төлейтіндердің қатары 436 мыңға жетсе, 68 мыңнана аса адамға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылады.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 4,33 трлн теңгеден асатын мөлшерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдаланды.

Сондай-ақ оқыңыз