23 қаңтар Америка киноакадемиясы 97-ші «Оскар» сыйлығының номинанттарын жариялады. Биылғы жылдың басты фавориті ретінде француз режиссері Жак Одиардың «Эмилия Перес» атты криминалдық комедиясы көш бастап тұр. Фильм бірден 13 номинацияға ұсынылған.
Сонымен қатар «Бруталист», «Анора» және «Дюна 2» секілді көрнекті картиналар мен Деми Мур, Киран Калкин және Тимоти Шаламе секілді атақты актерлер де кино саласындағы ең беделді сыйлық үшін таласады.
«Үздік фильм» номинациясы бойынша ұсынылған фильмдер:
- «Анора» (реж. Шон Бейкер)
- «Бруталист» (реж. Брэйди Корбет)
- «Эмилия Перес» (реж. Жак Одиар)
- «Конклав» (реж. Эдвард Бергер)
- «Никому не известный» (реж. Джеймс Мэнголд)
- «Дюна: Екінші бөлім» (реж. Дени Вильнев)
- «Мен әлі осындамын» (реж. Вальтер Саллес)
- «Субстанция» (реж. Корали Фаржа)
- «Зұлым: Батыс ведьмасының хикаясы» (реж. Джон Чу)
- «Никель ұлдары» (реж. РаМелл Росс).
«Үздік режиссер» номинациясының үміткерлері:
- Шон Бейкер («Анора»)
- Брэйди Корбет («Бруталист»)
- Корали Фаржа («Субстанция»)
- Жак Одиар («Эмилия Перес»)
- Джеймс Мэнголд («Никому не известный»).
«Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша:
- Деми Мур («Субстанция»)
- Майки Мэдисон («Анора»)
- Карла София Гаскон («Эмилия Перес»)
- Синтия Эриво («Зұлым: Батыс ведьмасының хикаясы»)
- Фернанда Торрес («Мен әлі осындамын»).
«Үздік ер рөлі» номинациясының үміткерлері:
- Эдриен Броуди («Бруталист»)
- Рэйф Файнс («Конклав»)
- Тимоти Шаламе («Никому не известный»)
- Колман Доминго («Синг-Синг»)
- Себастьян Стэн («Оқушы: Трамптың көтерілуі»).
«Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша:
- «Поток» (Латвия)
- «Дикий робот»
- «Ойжұмбақ 2»
- «Уоллес және Громит: Құстар кегі»
- «Улитканың мемуарлары».
Айта кетейік, үміткерлер ертерек жариялануы керек еді, бірақ Лос-Анджелестегі орман өртіне байланысты кейінге қалдырылды. Өрт қаңтардың алғашқы жартысында Калифорнияның көптеген аумағын шарпып, 24 адамның өмірін қиып, 10 мыңнан астам ғимарат өртенді.
«Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2 наурызда солтүстік америкалық шығыс уақыт бойынша сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 3 наурыз, 04:00) өтеді. Салтанатты шараны атақты америкалық комик Конан О’Брайен жүргізеді.