Канадалық инвестормен бірлесе игеріліп жатқан «Инкай» кен орнында өндіріс қайта жанданды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: «Қазатомөнеркәсіп» баспасөз қызметі

Қанадалық инвестормен бірлесіп игеріліп жатқан «Инкай» кен орнындағы өндіріс қайта жалғасты. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының өндірістік есебінде жазылған.

Аталмыш кен орны – Қазақстандағы уранға бай ірі кен орындарының бірі. Оны «Қазатомөнеркәсіп» канадалық Cameco компаниясымен бірлесіп игеріп жатыр. 60% үлесін «Қазатомөнеркәсіп», ал 40%-на канадалық компания иелік етеді.

Канадалық инвестор неге наразы?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бұл кен орындағы өндіріс тоқтады. Ұлттық компания оның себебін инвестор кен игеру жобасын уақтылы ұсынбады деп түсіндірді. Ал Cameco компаниясы бұл жайтқа наразы. Өйткені инвесторға өндіріс тоқтайтыны туралы алдын ала ескертілмеген.

Инвестор өндірістің тоқтауы компания әлеуетіне, қаржы жағдайына кері әсер етеді деп тұжырымдайды.

Өндіріс қайта жалғасты

«Қазатомөнеркәсіп» компанияның есебіне сүйенсек, «СП Инкай» ЖШС қажетті рұқсатты алған. Сонымен қатар №1 учаскеде кен өндіру жұмыстарын қайта бастаған.

«Қазіргі уақытта компания 2025 жылға арналған «Қазатомөнеркәсіптің» өндірістік жоспарларына кен өндіруді уақытша тоқтату ықпалының әлеуетін бағалап жатыр», – делінген хабарламада.

Компанияның 2025 жылы уранды уақтылы жеткізу үшін жеткілікті қоры бар деп сендірді. .

Сондай-ақ оқыңыз