Қалың тұман, қарлы боран – 27 қаңтарға ауа райы болжамы

Жарияланды 27 Қаңтар 2025 08:20

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ауа райы бүгін
Қалың тұман, қарлы боран – 27 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

Қазақстанның басым бөлігінде қалың тұман түсіп, автожолдарда жүру қиындайды. Оңтүстік пен шығыста жел күшейіп, қарлы боран болады. Бұл туралы «Қазгидромет» агенттігінің болжамында жазылған.

27 қаңтарда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыстан келетін антициклонның әсерінен елдегі аяз әлі де сақталады.

Синоптиктер болжауынша, елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман тұрады. Орталық Қазақстанда, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста жел күшейіп, қарлы боран соғады.

Автожолдармен жүру тұманның әсерінен әлі де қауіпті.  Әсіресе Алматы облысының таулы аудандарында абай болу қажет. Себебі күндізгі ауа райының сәл жылып, кешке қатты суық болғанының әсерінен жол көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура –16 -18 °C, күндіз -11 -13 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -7 -12 °C, күндіз 0 +2 °C.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде температура -2 -4 °C, күндіз +7 -8 °C болады.

Сондай-ақ оқыңыз