Трамп Microsoft компаниясының TikTok-ты сатып алғысы келетінін айтты
АҚШ-та қытайлық ByteDance компаниясының TikTok платформасына тыйым салынғаны себепті компания өз үлесін сатуға мәжбүр. Қазіргі таңда бұл платформаны сатып алуға Американың бірнеше алпауыт компаниялары ниет білдіріп отыр. Кеше, 27 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
АҚШ президенті Microsoft компаниясының платформаны сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын растап, бұл іске Қытайды араластырмайтынын мәлімдеген.
«Не болатынын көрейік. Сауда-саттыққа қатысқысы келетіндер көп болады Қытай араласпайды, біз Қытайдың араласуын қаламаймыз», – деді Трамп.
Ал мұның алдында Bloomberg платформаны Илон Масктің сатып алуы мүмкін екенін жазды.