Алматыда қақаған қыста жаңа туған нәрестесін далаға тастап кеткен әйел ұсталды

Жарияланды
Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр./фото: shutterstock

Алматы қаласының Чернышевский көшесінде бір үйдің ауласына жаңа туған нәрестені тастап кеткен әйел ұсталды.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қыздың анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды» – деді Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция мәліметінше, қыстың қақаған суығында, яғни «қауіпті жағдайда нәрестені тастап кету дерегі» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Мұның алдында Алматы қаласының тұрғындары бір ауладан жаңа туылған сәбиді тауып алған еді. Оқиға орнына келген дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің өмір есігін ашқанына небәрі бір-екі сағат өтіпті. Полиция шақалақтың ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.

Мұның алдында Алматыда кәмелетке толмаған ана нәрестесін дәретханаға тастап кеткені туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз