Қазақстандағы темір жолдардың жартысынан көбі тозып тұр. Оны қашан жасайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандағы темір жолдардың жартысынан көбі тозып тұр/фото: premierminister.kz

Қазақстанда жылына бір жарым мың шақырым темір жол жөнделеді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Министр темір жолдарды жөндеу бойынша үлкен міндет тұрғанын айтады.

«Елдегі темір жолдардың жалпы ұзындығы 21 мың шақырым. Олардың тозу деңгейі 50 пайыздан жоғары. Тозу деңгейін төмендету үшін жылына бір жарым мың шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде 500 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіледі»,- деді министр.

Марат Қарабаев алдағы 5 жылда тозған 10 мың шақырымнан артық жолды бір ретке келтіру жоспарда бар екенін атап өтті. Сондай-ақ 1300 шақырым жаңа темір жол төселіп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін, Қарабаев автогаз бағасы қымбаттап, бензин құнының өсетіні жол қозғалысы қызметтерінің бағасына қаншалықты әсер етеді деген сұраққа жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз