Күн суытып, көктайғақ болады – 4 ақпанға ауа райым болжамы

Жарияланды 4 Ақпан 2025 08:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ауа райы бүгін
Күн суытып, көктайғақ болады – 4 ақпанға ауа райым болжамы / Фото: shutterstock

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Бұған ауа массасының тығыздығына алып келетін Солтүстік Солтүстік антициклон әсер еткен. Қалың қар түсуі екіталай, бірақ бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы сақталады.

Болжам

Негізінен елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана қар жауады деп күтілуде.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ пен желдің күшеюі болжануда. Азаматтарға ұзақ сапарды кейінге қалдырып, көшелерде абай болу ескертілген.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, түнде ауа температурасы −12–14 °C, күндіз -2 -4 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, көктайғақ, таңертең тұман, түнде температура −9–11 °C, күндіз 0 –2 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -4 -6 °C, күндіз + 7 -9 °C.

Сондай-ақ оқыңыз