Реттеуші заңнаманы сақтамаған 9 сақтандыру компаниясына ескерту жасады
Жарияланды
(жаңартылды )

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 9 сақтандыру компаниясына ескерту жасады. Олар салалық заңнаманы бұзған.
«АСКО» Сақтандыру компаниясы», Номад Иншуранс», «Сентрас Иншуранс», Sinoasia B&R, «Интертич» АҚ, Amanat сақтандыру компаниясы, «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы, Jusan Garant сақтандыру компаниясы мен «Өмірді сақтандыру компаниясына» реттеуші жазбаша нұсқама берген.
Олардың басым бөлігі «Сақтандыру қызметі туралы заңның» 34-бабын бұзған. Бұл бапта сақтандыру ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар жазылған.
Бұған дейін ҚНРДА заң бұзған бірнеше банкке ескерту берген. Jusan bank пен Bereke Bank-ке ескерту жасап, «Нұрбанкке» айыппұл салған болатын.