Владислав Киреев Азия ойындарының чемпионы атанды

Жарияланды 11 Ақпан 2025 11:16

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Владислав Киреев Азия ойындарының чемпионы атанды / фото: olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Бүл туралы Olympic.kz хабарлады.

Владислав Киреев 10 шақырымдық спринт жарыс қашықтығын 29 минут 47.4 секундта жүріп өтіп, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.

Бұл медаль Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы үшінші алтыны болды. Тағы бір қазақстандық спортшы Вадим Куралес екінші орын алып, күміс медаль алды.

Бұған дейін ел қоржынына, шорт-трекшілер мен фристайлшылар екі алтын түсірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз