Еуропа елдері Трампқа талап қойды

Жарияланды
«Біз америкалық одақтасымызбен бірге алдағы әрекеттерімізді талқылауды тағатсыздана күтіп отырмыз»./фото: KursivMedia мұрағаты

Еуропа елдері Трампқа «Украина мәселесін» ақылдаспай Путинмен бірлесіп шешуіне наразылық білдірді. Еуроодақ бұл келіссөздерге қатысуды талап етіп отыр.

Тыс қалуға алаңдаушылық білдірді

Өздерін Украина соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерге қосуды АҚШ-тан талап етіп отыр. Германия, Франция, Польша, Италия, Испания, Ұлыбритания және Еуроодақ бірлескен мәлімдеме жасады. Онда Украина мен Еуропа кез келген келіссөздерге қатысуы қажет деген пікір білдірген.

Украина қауіпсіздігі – Еуропа қауіпсіздігі

«Біз америкалық одақтасымызбен бірге алдағы әрекеттерімізді талқылауды тағатсыздана күтіп отырмыз. Біздің жалпы мақсаттарымыз – Украинамен күш ретінде санасуға итермелеу», – делінген Германияның СІМ-інің сайтындағы мәлімдемеде.  

Еуропа елдері Трампқа қарсы жасаған мәлімдемесінде Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдігі берілуі тиіс екенін алға тартқан. Украинадағы әділетті және берік бейбітшілік – трансатлатикалық қауіпсіздік үшін қажетті талап.

Сатқындық болды

Бұл құжат 12 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені белгілі болған соң артынша жарияланды.

Bloomberg мәліметінше, еуропаның шенеуніктері бұл жайында мүлде хабарсыз болған. Ешкім ескертпеген. АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігінің өкілдері мұны «сатқындық» деп атап отыр.

Трамп Путинмен сөйлескен соң, Украина бойынша дереу келіссөз бастайтынын жария етті.

Зеленский келіссөзге қатыспай ма?

Еуропа елдері Трампқа наз білдіруге құқылы. Өйткені,  The Wall Street Journal хабарлауынша, келіссөздерге Украина президенті Владимир Зеленскийді қатыстыру қарастырылмаған. Қытай да бұл үдерістен құр қалғысы жоқ. АҚШ пен Ресей арасындағы саммитті өз елінде өткізуге ұсыныс берген.

Десе де, екі ел президенттері Сауд Арабиясында кездеседі деген ақпарат тарап жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескені жайлы егжей-текжейлі жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз