Банк ЦентрКредит нарыққа облигация шығарып, 50 млн доллар қаржы тартпақ

«Банк ЦентрКредит» АҚ (БЦК) Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне облигацияларын тіркеді. Қаржы ұйымы құнды қағаздарын шығарып, қор нарығынан 50 млн доллар тартпақшы.
БЦК жариялаған құжатқа сүйенсек, жалпы 5 000 акция шығармақ. Бір бағалы қағаздың номиналды құны 10 мың доллар деп бағаланып отыр.
Облигация бойынша міндеттемелер бір жылға жетпейтін уақытта, яғни, 270 күн ішінде өтеледі деп жазылған. Бірақ құнды қағаздар қай уақыттан бастап Қазақстан қор биржасында саудаланатыны әзірге белгісіз. Және қаржыны қандай мақсатта пайдаланатыны да хабарланбады.
Банк ЦентрКредит – қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банктердің бірі. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, коммерциялық банктер 2,23 трлн теңге таза пайда тапқан. Оның ішінде БЦК-ның таза кірісі 177,1 млрд теңгені құрайды.
Осы жылдың басында қаржы ұйымы мемлекеттен көмек ретінде алған 20 млрд теңгесін қайтарды. Жалпы 60 млрд теңге көлемінде қаржы алған, оны 2032 жылға дейін төлеп бітуі қажет.