
27 ақпан күні кинотеатрларда «Болмаған балалық шақ» фильмі жарық көреді. Басты рөлді сомдаған Берік Айтжановтың гонорары туралы фильмнің бас продюсері Ақберен Елгезек Kursiv.Media-ға берген сұхбатында айтып берді.
«Берік Айтжанов әдетте 20 млн теңге көлемінде гонорар алатынын естідім, бірақ біздің фильмге әлдеқайда төмен бағаға келісті», – деді Ақберен Елгезек.
Елгезектің айтуынша, бастапқыда актердің фильмге түсуге келіспеуі мүмкін деген күмән болған. Алайда менеджерлер байланысқа шыққаннан кейін және сценарийді көрген соң, Айтжанов бірден келісімін берген екен.
Берік Айтжанов «Тракторшының махаббаты», «Жау жүрек мың бала», «Ағайынды», «Анаға апарар жол» отандық кинолармен қатар, «Осман» атты түрік сериалына да түскен. Енді Берік Айтжанов сомдаған жаңа кейіпкерді 27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмінде көре аласыз.