3,7 млн шот ашылған: қазақстандық инвестордың портреті қандай

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media архивінен

2025 жылғы 1 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) брокерлік шот саны 3 723 941 жетті. Оның ішінде 686 679 ұстаушылардың қосалқы шоттарына, ал 3 037 262 омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.

Қазақстандық инвестордың портреті қандай

Инвесторлардың гендерлік құрылымы бұрынғы үрдісті сақтауда: әйел инвесторлар 49,8%, ал ер инвесторлар 50,2%-ды құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуір айынан бері сақталып келеді.

Инвесторлардың жас құрылымы бірнеше негізгі топтарға бөлінеді:

  • 35-54 жас аралығы – ең көп үлесті иеленген топ, олардың саны жалпы инвесторлардың 40%-ын құрайды.
  • 25-34 жас аралығы – 32,1% үлесімен екінші орында.
  • 18-24 жас аралығы – 13,2%-ды құрайтын үшінші ірі топ.

Бұл көрсеткіштер жастардың инвестицияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын және қаржылық сауаттылықтың кеңейгенін көрсетеді. Инвесторлардың басым бөлігі Алматы мен Астана қаласы, Түркістан облысында тұрады.

Түркістан облысы 2022 жылдың наурыз айынан бастап тұрақты түрде үшінші орынға ие болып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын инвесторлардың қатары аз, олардың үлесі небәрі 1,7%-ды құрайды

Қазақстандық инвесторлардың портреті жылдан-жылға айтарлықтай өзгерістерге ұшырап келеді. Жас инвесторлар саны өсіп, аймақтық әртараптану жалғасуда. Сонымен қатар, гендерлік теңгерім сақталып, инвестицияға қатысатын халықтың әлеуметтік-экономикалық белсенділігі артып келеді.

Бұған дейін жас инвесторға нұсқаулық жасап, компанияның жақсы дамып келе жатқанын анықтау жолдарын ұсынғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз