«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық іс негізсіз қозғалған ба

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Венгрия хотела бы покупать больше нефти из Казахстана
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» басшылары негізсіз тергеліп жатыр ма / ҚМГ, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ақтауда «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымы – «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясының басшыларына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Мұнай-сервис компаниясының бұрынғы басшыларына бас компанияға ірі көлемде зиян келтірді, 11 млн теңгені жымқырды деген айып тағылған.

Алайда журналист Ботагөз Омарова айтуынша, еншілес компанияның «ҚазМұнайгазға» ешқандай шығын келтірмегені туралы құжат қолдарында бар. Бірақ Қаржы мониторингі агенттігінің тергеушілері бұл құжатты іс материалдарына қоспаған көрінеді.

Нәтижесінде журналист тергеуде бір жылдан аса жатқан адамдар заңсыз қамауға алынғанына сенімді. Осы ретте Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен «компания басшыларының кінәсіздігі сотта дәлелденсе, Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ержан Бөлегенов қызметінен кете ме және істі жүргізген тергеуші жазалана ма» деп сұрады.

Жеңіс Елемесов болса сот шешімін күте тұру керек деп тұжырымдайды.

«Егер біздің қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, ешқандай негізсіз қылмыстық іс жүргізгені белгілі болса, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады», – деді ол.

Сонымен қатар журналистен қажетті құжатты алып, егжей-тегжей танысып шығуға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыз