
Илон Маск өзінің xAI компаниясы әзірлеген Grok-3 чат-ботының жаңа нұсқасын таныстырды. Бұл жасанды интеллект өнімі OpenAI-дың ChatGPT мен Қытайдың DeepSeek моделіне бәсекелес болу үшін жасалған.
Grok-3 чат ботын X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі Premium+ жазылушыларына, сондай-ақ SuperGrok атты жаңа тарифтік жоспар арқылы xAI мобильді қосымшасында және Grok.com сайтында пайдалануға болады.
Kursiv Media Grok 3 чат ботынан ChatGPT-ден қандай артықшылығы бар екенін сұрап көрді.
Көзқарас пен стиль
Grоk: Гумор мен сатираны көбірек қолданады, кейбір жауаптарында Тони Старктың J.A.R.V.I.S.-іне немесе Дуглас Адамстың шығармаларына ұқсас стиль байқалады.
ChatGPT: Пайдаланушыға бейімделген, формальды және бейтарап жауаптар береді, сатира мен иронияны сирек қолданады.
Шындық пен цензура
Grok: Цензура деңгейі төменірек, шындықты ашық айтуға бейім. Илон Масктың пікірінше, Grоk «шектеулерден арылған», яғни кейбір дәстүрлі AI-ға қойылған шектеулерді айналып өтеді.
ChatGPT: OpenAI-дің қауіпсіздік саясатына сәйкес, белгілі бір тақырыптарға шектеу қойылған. Қандай сұрақтарға жауап бере алмайтына туралы бұған дейін жазған едік.
Әзіл мен креатив
Grok: Әзіл-оспақ пен сарказмды көбірек қолданады, креативті жауаптар беруі мүмкін.
ChatGPT: Әдетте бейтарап әрі формалды стильді ұстанады, әзілді көбірек қолдану пайдаланушы сұранысына байланысты.
Қайсысы жақсы?
- Соңғы жаңалықтарды білетін, интернетке қосылу мүмкіндігі бар, сатира мен әзілді жақсы көретін және еркін көзқарасты чат-бот керек болса – Grоk.
- Егер сізге бірқалыпты, формалды, бейтарап, әрі кең тақырыпты қамтитын жауаптар қажет болса – ChatGPT.
Қорытындылай келе, Grоk – ашық, креативті әрі батыл AI, ал ChatGPT – тұрақты, сенімді және кең ауқымды сұрақтарға жауап беретін AI.